4 жылда 4 қалада 6 филиалын ашып, 7 облыста іс-шаралар өткізіп, 70-тен аса оқу-әдістемелік құралын дайындаған, айлық кірісін 0-ден 20 миллионға көтерген кәсіпкер, химия ғылымдарының PhD докторанты, ақын, блогер, Республикалық «QAZBILIM» орталығының бас директоры Аятжан Ахметжанұлы.

АЯТЖАН АХМЕТЖАНҰЛЫ

Республикалық «QAZBILIM» орталығы директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты, Қазбілім (kazbilim.kz) порталының бас редакторы, ақын, блогер.

 Туған жері: 1986 жылы 18 шілде, ҚХР, ШҰАР, Мұңғұлкүре ауданы.

 Білімі:

2006-2007 жылдары Яссауи атындағы ХҚТУ дайындық курсы;

2007-2011 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, химия бакалавры;

2013-2015 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, химия ғылымдарының магистрі;

2018 жылы қыркүйектен бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, химия  PhD докторанты.

 

Жұмыс тәжірибесі:

2010-2012 жылдары Астана қаласы №66 мектеп-лицейі химия пәні мұғалімі.

2013-2015 жылдары Астана қаласы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі химия пәні мұғалімі.

2015-2016 жылдары Астана қаласы №73 физика-техникалық лицейі химия пәні мұғалімі

2016 жылы ақпан айынан қазірге дейін Республикалық «QAZBILIM» орталығы бас директоры

 

  Жетістіктері:

2012 жыл  «Алғыс хат»  – оқушылар арасындағы Халықаралық №46 Менделеев олимпиадасының өтуі барысындағы белсенді еңбегі үшін Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының директоры Ш.А.Қирабаеваның атынан;

2015 жылы «Алғыс хат» – Астана қаласы ұстаздар қосынын жетілдіруге қосқан үлкен үлесі үшін Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Э.А.Суханбердиеваның атынан;

2015 жылы «Құрмет грамотасы» – еліміздің дарынды оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесі және оларды қолдау мен жетілдіру жолындағы қол жеткізген табысы үшін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Е.Иманғалиевтің атынан;

2017 жылы «Алғыс хат» – «Марғұлан олимпиадасын» жоғары деңгейде өткізуге қосқан үлесі үшін Астана қаласы Білім басқармасы басшысы Ә.Жанғозиннің атынан;

2018 жылы «Тіл тұғыры-2018» құрмет марапаты. Астана қаласы әкімі Ә.Исекешовтың атынан.

2020 жылы қаңтар «Алғыс хат» «Білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі және жеткен жетістіктері үшін» ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың атынан.

 

Үздік шәкірттері:

Наурызбаева Айдана – Ұлыбритания, The University of Sheffild студенті. Қалалық, Республикалық олимпиадалардың жүлдегері.

Өміртас Нұриза – Назарбаев университетінің студенті. Республикалық пән олимпиадасының екі дүркін қола медаль иегері, Президенттік олимпиаданың күміс медаль иегері.

Айманбетова Малена – М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің студенті. Республикалық пән олимпиадасының қола, күміс, алтын медаль иегері. Халықаралық М.В.Ломоносов олимпиадасының химия пәні бойынша алтын медаль иегері.

Мұстахимов Диас – Назарбаев университеті студенті. Республикалық пән олимпиадасының екі дүркін қола медаль иегері. Халықаралық Сәтбаев олимпиадасының, Халықаралық Туймаада олимпиадасының, Халықаралық А.Бектуров олимпиадасының жүлдегері.

Сапар Нұрсұлтан  – Назарбаев университеті студенті. Халықаралық Сәтбаев олимпиадасының қола медаль иегері. Республикалық пән олимпиадасының қола медаль иегері. Халықаралық Туймаада олимпиадасының, Халықаралық А.Бектуров олимпиадасының жүлдегері.

 

Шығармашылығы:

«Еркіме көнші, ей, өмір» жыр жинағы (2010)

«Мінез» жыр жинағы (2016)

«Ұлт болам десең…» (мақалалар жинағы) (2017)

«Химия есептер мен жаттығулар жинағы» (2017)

«Химия» (оқу-әдістемелік құралы) (2017)

«Химия» (оқу-әдістемелік құралы) (2018)

«Химия олимпиада есептері мен шешу жолдары» (2017)

«Химиялық реакция теңдеулерін теңестіру әдістері» (2019)

3 бөлімді «Химия ҰБТ» атты кітаптардың авторы (2019)

 

Байланыс:

Тел:  8 702 931 8008; 8 707 931 8008.

E-mail: aiatzhan@gmail.com;

Шығармашылық жеке блогы.

www.aizere.kz 

https://www.facebook.com/aiatjan

https://www.instagram.com/aiatjan

https://twitter.com/aiatzhan

http://vk.com/aiatjan